Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағаттары
15
наурыз
2022
“Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағаттары
 #67 мектебімізде 1-11 сыныптар арасында “Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: “Наурыз” мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ-халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Әр сынып “Қош келдің, әз Наурыз” атты ашық сынып сағатын түрлендіре отырып, ерекше атап өтті. Атап айтсақ бастауыш сыныптары сынып ішін түрлі көрнекіліктермен безендіріп, ұлттық ойын түрлерін ойнатқызып, бүлдіршіндерді таң-тамаша етсе, жасөспірімдер арасында ұмыт қалған
"Әлемді тербеткен-асыл жандар" атты мерекелік іс-шара
05
наурыз
2022
"Әлемді тербеткен-асыл жандар" атты мерекелік іс-шара
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай #67 жалпы білім беретін мектепте 7-сыныптардың ұйымдастыруымен "Әлемді тербеткен-асыл жандар" атты мерекелік іс-шара өтті. Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз! 7-сыныптың жетекшілері: Г. О. Джумадилова мен К. Д. Бегалиеваға
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
24
ақпан
2022
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
2022 жылғы 14-22 ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне #67 мектептің оқушылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11 "А" сынып оқушысы Ералханова Жанель 2- орын иеленіп, қалалық кезеңге өтті. (Жетекшісі: Шыныбаева Б.А. ) . Ал 9 оқушы әр пәндер бойынша 3- орын алды. Шәкірттерімізге "Биіктерден көріне беріңдер" деп тілек білдіреміз. Ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!  
«Менің сүйікті жазушым»  зияткерлік  ойындар
14
ақпан
2022
«Менің сүйікті жазушым» зияткерлік ойындар
– Таңдалған кітаптарды насихаттау мақсатында мәжіліс залында  «Менің сүйікті жазушым»  зияткерлік  ойындар ұйымдастырылады. Мақсат – кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру. Бұл 30 кітаптың басым көпшілігі кітапханаларымызда бар. Жоқ кітаптарға кітап дүкендері арқылы  тапсырыс беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зияткерлік жарысқа 5-7 сыныптар арасында өткізілді.әр сынып  1.Оқыған шығармасынан «Мен оқыған шығармадағы кейіпкер бейнесі менің
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбы аясындағы онкүндіктің соңғы күнінде
11
ақпан
2022
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбы аясындағы
Ақпанның 11-і күні #67 мектебімізде өткізіліп жатқан Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбы аясындағы онкүндіктің соңғы күнінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Кусаинова А, Тастекова Ж , Омарбекова Л, Орынбасар А бірыңғай өзін-өзі тану сабағын ашық шара ретінде пән мұғалімдерімен өткізді. Шараның тақырыбы «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» деп аталады. Міне осы тақырыпқа сай мұғалімдер өз ойларын ашық айтып, құндылықтар жайлы көзқарастарын білдірді. Абай атамыз
“Тәрбие тал бесіктен” атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел
08
ақпан
2022
“Тәрбие тал бесіктен” атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел
Ақпанның 8-інші жұлдызында #67 мектебімізде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Тәрбие тал бесіктен” атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде ұлтымыздың болашағы болатын жас ұрпақтың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, ол-ел ертеңіне, егемендігімізге деген құрметіміздің белгісі және дүниетанымында, өзегінде өз елінің мүддесі жоғары тұратындай тәрбиелеу жауапты міндет екендігі айтылды. Баланың адам болып қалыптасуы отбасынан және мектеп тәрбиесінен
«Мейірім төгетін Ана» тақырыбында кітап көрмесі
02
ақпан
2022
«Мейірім төгетін Ана» тақырыбында кітап көрмесі
01.02.2022жылы №67 Жалпы білім беретін мектеп залында  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік аясында «Бөбек» қайырымдылық  қорының негізін қалаушы, «SOS - Қазақстанның балалар ауылдары» бірлескен қорының төрайымы,  адамгершілік-рухани құндылықтарды жандандыру бойынша білім жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қайырымдылық істері туралы мағлұматтар; оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек
«Зерде» шығармашылық және ғылыми жобалар байқауы
25
қаңтар
2022
«Зерде» шығармашылық және ғылыми жобалар байқауы
Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің қалалық деңгейдегі «Зерде» шығармашылық және ғылыми жобалар байқауынан 3 «А» сынып оқушылары Жанболат Ая мен Емберген Көркем және 7 «Ә» сынып оқушысы Ертаева Зульфия жүлделі ІІ және ІІІ орындарға ие болды. Әріптестеріміз, бастауыш сынып мұғалімі Тұрсынғалиқызы Мөлдірді, физика пәні мұғалімі Қали Алтынды жетістіктерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз! Мектеп ұжымы.