Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Күз-береке молшылық! «Күз-мерекем, күз-берекем!» тақырыбында жеміс-жидектерден, табиғи материалдардан экибано жасау Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте қолөнер байқауы өтіп жатыр.
10
қараша
2020
Күз-береке молшылық! «Күз-мерекем, күз-берекем!» тақырыбында
Күз-береке молшылық! «Күз-мерекем, күз-берекем!» тақырыбында жеміс-жидектерден, табиғи материалдардан экибано жасау Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте қолөнер байқауы өтіп жатыр.  Қатысушылары 5-7 сынып оқушылары. Сапалы білім беру мен қатар еңбекке де баулу, үйрету аса қажет, оқушыларымыздың шығармашылық еңбекке деген сүйіспеншілігін қалыптастырайық. Олай болса төмендегі жұмыстарға өз ойыңызды, пікіріңізді жазып жіберіңіздер. Шығармашыл оқушыларымызды қолдаңыздар. 1.
Күз келсе-бақыт келер ырыспен! «Аяулы күз-алтын күз» тақырыбында Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте сурет көрмесі өтіп жатыр.
10
қараша
2020
Күз келсе-бақыт келер ырыспен! «Аяулы күз-алтын күз» тақырыбында
Күз келсе-бақыт келер ырыспен! «Аяулы күз-алтын күз» тақырыбында Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте сурет көрмесі өтіп жатыр. Қатысушылар 2-4 сынып оқушылары. Оқушылардың белсенділіктері өте жақсы. Төмендегі жұмыстарға өз ойыңызды, пікіріңізді жазып жіберіңіздер. Шығармашыл оқушыларымызды қолдаңыздар. Сіздердің пікірлеріңіз құнды! 1. 2 «А» Нұржан Нұржігіт 2. 2 «А» Тимур Айару 3. 2 «А» Қазбек Карина 4. 2 «А» Тынбаева Еркежан 5. 2 «Б» Жарылқасын Дәулет 6. 2 «Б» Дәулет
Күзгі демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін  Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте жүргізілетін іс-шаралар жоспары.
05
қараша
2020
Күзгі демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін
Күзгі демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін  Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте жүргізілетін іс-шаралар жоспары. Осы  жоспар бойынша сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, оқушылар, ата-аналар белсене қатысыңыздар. #алмалыауданы67мектеп  #67школаалматы  #алтынкүз
"Адалдық сағаты" акциясы шеңберінде танымал спортшы, аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен арнайы бейнетүсірілім әзірленді.
04
қараша
2020
"Адалдық сағаты" акциясы шеңберінде танымал спортшы, аралас
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен  (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы шеңберінде танымал спортшы, аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен арнайы бейнетүсірілім әзірленді.  Аталған әлеуметтік бейнеролик қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны , әлеуметтік желілер арқылы халыққа прасаттылық , адалдық сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
Күзгі демалыс кезінде Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте қараша айының 5-9 күні аралығында «Мерекелі, берекелі алтын күз!» тақырыбында онлайн байқау өткізіледі.
04
қараша
2020
Күзгі демалыс кезінде Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім
Күзгі демалыс кезінде Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте қараша айының 5-9 күні аралығында «Мерекелі, берекелі алтын күз!» тақырыбында онлайн байқау өткізіледі. Байқау 2-4 сыныптар арасында «Аяулы күз-алтын күз» сурет салу, 5-7 сыныптар арсында «Күз мерекем, күз берекем! жеміс-жидектерден экибана жасау, 8-10 сыныптар арасында «Күз аруы» қол өнер шеберлігі, костюм үлгісін көрсету. Оқушыларды белсене қатысуға шақырамыз! #алмалыауданы67мектеп  #67мектеп  #алтынкүз
Шектеу шаралары жағдайында оқыту кезіндегі қалыптастырушы бағалау бойынша  ЖАДЫНАМА
29
қазан
2020
Шектеу шаралары жағдайында оқыту кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Шектеу шаралары жағдайында оқыту кезіндегі қалыптастырушы бағалау бойынша                                                     ЖАДЫНАМА 1.Қалыптастырушы бағалау нәтижелері күн сайын электрондық/қағаз журналға балл түрінде қойылады. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауға балл қойылатын білім алушылардың санын мұғалім өзі анықтайды. 2.Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспайды, бұл ретте 1-3 балл төменгі деңгей критерийлеріне сәйкес келеді, 4-7 балл – орта
Мектепте 2-11 сынып оқушылары арасында "Үлгілі қазақ тілі дәптері" қашықтық конкурсы өткізілуде.
28
қазан
2020
Мектепте 2-11 сынып оқушылары арасында "Үлгілі қазақ тілі дәптері"
Мектепте 2-11 сынып оқушылары арасында "Үлгілі қазақ тілі дәптері" қашықтық конкурсы өткізілуде. Қазақ тілі пәнінің және бастауыш сынып мұғалімдері, оқушылар  конкурсқа қатысып, үздік дәптерді анықтауға атсалысайық!
«Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес бағалау өткізіледі.
28
қазан
2020
«Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың
  «Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес бағалау өткізіледі.               Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантин сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынады, ол журналдың жеке бағанында қойылады. Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспайды.              
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Г. О. Джумадилова Білім және Ғылым министірінің құрмет грамотасымен марапатталды.
26
қазан
2020
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің
"Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ" - деген Лев Толстой. Міне, осындай өз сүйіспеншілігін шәкірттерінің бойына дарыта білген Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Г. О. Джумадилова Білім және Ғылым министірінің құрмет грамотасымен марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын. Жас ұрпақты білім нәріне бөлеп, төккен еңбегіңіз елене берсін!!! #құттықтаймыз #алмалыауданы67мектеп