“Тәрбие тал бесіктен” атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел
Ақпанның 8-інші жұлдызында #67 мектебімізде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Тәрбие тал бесіктен” атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде ұлтымыздың болашағы болатын жас ұрпақтың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, ол-ел ертеңіне, егемендігімізге деген құрметіміздің белгісі және дүниетанымында, өзегінде өз елінің мүддесі жоғары тұратындай тәрбиелеу жауапты міндет екендігі айтылды. Баланың адам болып қалыптасуы отбасынан және мектеп тәрбиесінен