Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
2-4 сыныптар арасында "Алтын жапырақ төккен күз" атты іс шара
27
қазан
2022
2-4 сыныптар арасында "Алтын жапырақ төккен күз" атты іс шара
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 2-4 сыныптар арасында "Алтын жапырақ төккен күз" атты мерекелік іс шара өтті. Аталған іс шаран ы 4"а" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Тұрсынғалиқызы Мөлдір ұйымдастырды. Әділ қазы алқалары қатысушыларды мақтау қағаздарымен марапаттап бағалы сыйлақтар берді. Барлық белсене қатысқан оқушылар мен ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз.
Әбдірасіл Дархан таеквондодан  1- орынды иеленді.
27
қазан
2022
Әбдірасіл Дархан таеквондодан 1- орынды иеленді.
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің  5ә - сынып  оқушысы Әбдірасіл Дархан таеквондодан  Қостанай  қаласында  өткен Республикалық ашық турнирге  қатысып 1- орынды иеленді. Спортты  серік етіп,  қызығушылықпен жеңіске  жетіп жүрген Дарханға  сәттілік  тілейміз!  Жеңісің құтты болсын, Дархан!
5-6 сыныптарда  арасын мектепішілік "Алтын сақа" олимпиадасы
26
қазан
2022
5-6 сыныптарда арасын мектепішілік "Алтын сақа" олимпиадасы
Алматы  қаласы  Алмалы  ауданы 67 жалпы білім беретін мектепте 26 қазан күні 5-6 сыныптарда  мектепішілік "Алтын сақа" математикалық олимпиадасы болып өтті. Оған математика пәні мұғалімдері Уринбоева Перизат пен Маңғыбаева Жансаяның сыныптарынан 30 оқушы қатысты.  Солардың  арасынан  жоғары  ұпай  жинаған  4  оқушы  қалалық "Алтын  сақа"  сайысына  жолдама  алды.   Осы  шәкірттерімізге және ұстаздарға  жеңісті күндеріңіз көп болсын деп тілек білдіреміз!
Елім  менің - Қазақстан" тақырыбында  эстафеталық жарыс
22
қазан
2022
Елім менің - Қазақстан" тақырыбында эстафеталық жарыс
Алмалы  ауданы № 67 жалпы білім беретін мектепте денешынықтыру  пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай " Елім  менің - Қазақстан" тақырыбында 3-6- сыныптар арасында эстафеталық жарыс өткізді. Салауатты  өмір  салтын  ұстану  мақсатында оқушылар ерекше  қызыгушылықпен  қатысты. "Шынықсаң шымыр  боласың" демекші Қазақстанның әр  азаматы  дені  сау, рухани бай, патриот  болуына  тілектеспіз!
"Өркендей бер, Қазақстан!" атты мерекелік іс-шара
22
қазан
2022
"Өркендей бер, Қазақстан!" атты мерекелік іс-шара
   №67 жалпы білім беретін мектепте  5 а , 9ә сынып оқушылары және  аға тәлімгер Махмутова Аселдің ұйымдастыруымен 25  қазан Республика күніне орай "  Өркендей бер, Қазақстан!" атты мерекелік іс-шара өткізілді.  Салтанатты  кеш  Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындаудан  басталды. Оған барлық оқушылар  қатысты. Мектеп  кітапханашысы  Оспанова Алия кітап  көрмесін  ұйымдастырып, оқушыларға  таныстырды. Мерекелік  іс шара  әсерлі ән, бимен  жалғасты. Тәуелсіздігіміздің  бастауы 
"ТАЗАЛЫҚ- ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ" тақырыбында дәріс
20
қазан
2022
"ТАЗАЛЫҚ- ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ" тақырыбында дәріс
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 5.6.7.8.9.10.11 сыныптың қыздарына қалалық емхананың кызметкерлері келіп "ТАЗАЛЫҚ- ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ" тақырыбында дәріс жүргізді. Дәрігерлер қыздардың сұрақтарына түгелдей жауап берді.