08
желтоқсан
2025
Мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары «Qarjy saqshysy-Қаржы сақшысы» ойынын ойнады
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 және 11 сыныптары және колледждердің 1 және 2 курстары үшін
интерактивті 2D-өнімі – «Qarjy saqshysy-Қаржы сақшысы» ойынын мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары ойнады.
Мақсаты:
- білім алушыларда қаржылық сауаттылықтың теориялық негіздерін қалыптастыру;
- дұрыс ойлауды және қаржылық алаяқтықтың қауіптері мен тәуекелдерін тани білуді дамыту;
- білім алушыларда қаржылық сауаттылықтың практикалық дағдыларын қалыптастыру;
- өз шешімдері мен әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті тәрбиелеу.
“Қаржы сақшысы» ойынының негізгі мазмұны:
Әдістемелік тұрғыдан алғанда, интерактивті 2D өнімі оқушылардың қаржылық сауаттылық, киберқауіпсіздік, жеке және әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын ойын түрінде дамытуға арналған.
Ойын құрылымына оқыту, тестілеу және шағын ойын элементтері біріктірілген.
Ойын мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып жасалған төрт негізгі модульге топтастырылған:
«Қаржылық тәуекелдер» бірінші модулінде білім алушылар «қаржы пирамидасы», «дроп-карта», «күмәнді табыс көздері» ұғымдарымен танысады және практикалық жағдайларға сүйене отырып, дербес шешімдер қабылдайды.
Екінші «Кибер алаяқтық» модулі «фишинг», «телефон алаяқтары», «жалған сайттар», «әлеуметтік инженерия» сияқты ұғымдарды қарастырады және оқушыларға ситуациялық мәселелердің шешімін таңдау еркіндігі беріледі.
«Психологиялық қауіптер» үшінші модулі аясында «лудомания», «оңай жетістікке деген сенім», «эмоционалды қысым» ұғымдары ұсынылған, оқушылар әртүрлі адамдардың дүниетанымын түсінуге, алаяқтық схемаларға түспеу үшін зейін қоюға үйренеді. Білім алушылар жобаның ойын тапсырмаларын кезең-кезеңімен орындауға кіріседі.
«Қауіпсіз мінез-құлық түрлері» төртінші модулі білім алушылардың жеке басын және жауапкершілігін түсінуін қалыптастыруға бағытталған (ата-аналармен кеңесу, ресми дереккөздерді пайдалану, дербес деректерді қорғау). Олар ақпаратты талдау, қорытынды жасау бойынша жұмыс істейді.