26
қараша
2025
📚 «Тарих пен тіл тоғысында – Сүйінбай әлемі» республикалық семинары

27.11.2025 күні №67 жалпы білім беретін мектепте «Тарих пен тіл тоғысында – Сүйінбай әлемі» атты республикалық әдеби-танымдық семинар өтті. Семинардың мақсаты – Ұлы ақын Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның қоғамдық-тарихи тұлға ретіндегі маңызын ашу және жас ұрпақтың танымдық көкжиегін кеңейту. Бүгінгі іс-шараның ерекше тұсы – Алматы облысы, Жамбыл ауданынан арнайы келген Сүйінбай Аронұлы әдеби-мемориалдық музейі қызметкерлерінің құнды жәдігерлер мен тарихи мұраларды таныстыруы болды. Сонымен қатар семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Кәсіби даму институтының Қоғамдық-гуманитарлық бағыт кафедрасының аға оқытушылары ✨ қатысып, өз бағаларын берді . Алмалы және Наурызбай аудандарының мектептерінен келген әріптестеріміз де белсенді түрде атсалысты.Бүгінгі басқосу – ұлттық руханияттың алтын арқауын жалғауға бағытталған ортақ еңбегіміздің бір көрінісі деп сенеміз. ✨ #СүйінбайАронұлы #РеспубликалықСеминар #67мектеп #ҰлттықРуханият #Өрлеу #ӘдебиШара #ТарихПенТіл
https://www.instagram.com/p/DRhZDPoCMPt/?hl=ru