Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас маман -жаңа идея" атты апталық
07
ақпан
2023
"Жас маман -жаңа идея" атты апталық
Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте "Жас маман -жаңа идея" атты апталық өтуде. Апталық аясында мектеп психологы Сағындық Сымбат 4а сыныбында "Ғажайыптар алаңы" атты тренинг өткізді. Оқушылар үшін өте қызықты болған тренинг, бала бойындағы жақсы қасиеттерді аша отырып сынып оқушыларын ынтымақтастыққа тәрбиеледі. Ал география пәні мұғалімі Қалаубай Қарлығаштың "XXI ғасыр көшбасшысы" тақырыбында 9 сыныптармен  өткен интеллектуалдық сайысы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру танымдық
Джеймс Гринбудтың «Өгей бала» хикаятына  тейбл-ток  өткізілд
01
ақпан
2023
Джеймс Гринбудтың «Өгей бала» хикаятына тейбл-ток өткізілд
01.02.2023 ж Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп»  жобасы бойынша Джеймс Гринбудтың «Өгей бала» хикаятындағы « Джиммнің өгей анасының қитұрқы әрекеттерінен  таң қалып, аңқау басы алданып  тұрмыс тауқыметін көргені» атты тейбл-ток (үстел басында әңгіме айту)  5 сынып  оқушылары арасында өткізілді. 5 сынып оқушыларының оқуға деген құлшыныстары арта түскендей болды. Кітапханашы Оспанова Әлия апайымызға алғыс білдіреміз.
«Гаухартас» әңгімесінен үзінді
20
қаңтар
2023
«Гаухартас» әңгімесінен үзінді
№67 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 9 «А» сынып оқушылары Дулат Исабековтың «Гаухартас» әңгімесінен үзінді көрсетіп оқушылар оқыған кітаптарынан өз ойларын ортаға салды. Көрсеткен көріністері өте әсерлі шықты. «Гаухартас» әңгімесіндегі кейіпкерлерді сомдаған оқушыларға алғысымыз шексіз.
«Байлық пен ақыл» ертегісінен көрініс
17
қаңтар
2023
«Байлық пен ақыл» ертегісінен көрініс
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 3«ә»  сынып оқушылары «Байлық пен ақыл» ертегісінен көрініс көрсетті.  Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп тамаша орындады.
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
16
қаңтар
2023
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
67 Жалпы білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында қысқы демалыс кезінде “Қыста оқимыз” тақырыбы бойынша 2”Б” сынып оқушысы Болатбек Зере “Алты түлкі” ертегісін баяндауынан үзінді келтірілген. Зере қысқы демалыс кезеңіндегі “Қыста кітап оқимыз” шараға қатысуы арқылы, қыстық демалысын қызықты әрі пайдалы өткізіп, отбасымен бірге кітап оқып, екінші жағынан өзінің інілеріне ертегі оқып бере отыра үлгі бола білерліктей олардың кітапқа яғни ертегі оқуға
«Қыста оқимыз» атты  іс-шарасынан
13
қаңтар
2023
«Қыста оқимыз» атты іс-шарасынан
2023 жылдың қысқы демалыс кезінде   №67 Жалпы білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен  «Қыста оқимыз» атты  іс-шарасына  2"А" сынып оқушысы Бақытберген Абылай-Төре   «Ит, мысық, тышқан» атты ертегі кітабын оқып шықты.
Мектебім- білім ордасы
09
қаңтар
2023
Мектебім- білім ордасы
Мектебім- білім ордасы    "Мектеп- кеме, білім- теңіз" демекші, 2 қабатты 550 балаға арналған  білім ордасында 600- ге жуық шәкірттер білім алуда.  Бастауыш сыныптарда - 11 сынып   жиынтығы білімнің  негізін қаласа,     2 мектепалды даярлық тобы  күнделікті  мектеп деген киелі ұяға  асыға келіп, оқудың қыр- сырын үйреніп жатыр.  5-11- сынып оқушылары  бала шақтан болашаққа барар сара жолдың белестерін тек терең білім алумен ғана ұштастырып келеді. Білім мен тәрбие - ажыратуға келмейтін егіз
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
09
қаңтар
2023
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
67 Жалпы білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында қысқы демалыс кезінде “Қыста оқимыз” тақырыбы бойынша 2”Б” сынып оқушысы Болатбек Зере “Алты түлкі” ертегісін баяндауынан үзінді келтірілген. Зере қысқы демалыс кезеңіндегі “Қыста кітап оқимыз” шараға қатысуы арқылы, қыстық демалысын қызықты әрі пайдалы өткізіп, отбасымен бірге кітап оқып, екінші жағынан өзінің інілеріне ертегі оқып бере отыра үлгі бола білерліктей олардың кітапқа яғни ертегі оқуға
"Биология әлеміне саяхат" тақырыбында интеллектуалдық сайыс
30
желтоқсан
2022
"Биология әлеміне саяхат" тақырыбында интеллектуалдық сайыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте "Биология әлеміне саяхат" тақырыбында топтар арасында интеллектуалдық сайыс ғылыми жаратылыстану пәндері апталығында 9 сыныптарда өтті. Оқушыларды табиғаттың кереметтерімен таныстыра отырып, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді әдістерін қолдана білген биология пәнінің мұғалімі Қанатқызы Назеркеге және шәкірттеріне шығармашылық табыстар тілейміз
“Ғажайып математика” тақырыбында интеллектуалдық сайыс
29
желтоқсан
2022
“Ғажайып математика” тақырыбында интеллектуалдық сайыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте өтіп жатқан апталық аясында оқушылардың білім сапасын арттыру, алған білімдерін кеңейту, тереңдету мақсатында математика пәнінен 6-сыныптар арасында “Ғажайып математика” тақырыбында интеллектуалдық сайысы болды. Сайыс өте тартысты әрі бәсекеге толы болды. Пәнге деген қызығушылық, ынталандыру мақсатында берілген тапсырмалар өте тиімді әрі қызықты болды. Пән мұғалімі Уринбоева Перизатқа және оқушыларына шығармашылық табыс тілейміз