Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог лауазымдар бойынша конкурс
19
ақпан
2024

Педагог лауазымдар бойынша конкурс

№67 жалпы білім беретін мектеп

Алматы қаласы Білім басқармасының «№67 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемелекеттік мекемесі төмендегі бос және уақытша педагог лауазымдар бойынша конкурс жариялайды.

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- 1 уақытша бос орынға

Конкурс жариялаған мекеме атауы: «№67 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемелекеттік мекемесі

Конкурс өткізу орны: Розыбакиева көшесі, 31 «В» үй

Байланыс телефоны:+7 (727) 3929409

Электронды почтасы: school67j@mail.ru

1. Конкурс наурыз айының 07 күні сағат 14:00-де «№67 жалпы білім беретін мектептің метод кабинетінде өткізіледі.

2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау №67 жалпы білім беретін мектептің қабылдау бөлмесінде 2024 жылдың 01 наурызы сағат 09:00- ден  06 наурыз сағат 17:30- ға дейін жүргізіледі. 

Құжаттар күнделікті дүйсенбі- жұма күндері  сағат 09:00- 17:30 аралығында қабылданады. 

3. Кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау 07.03.2024 жылы сағат 10:00- ден бастап жүргізіледі.

4. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы 07.03.2024 жылы.

5. Конкурсқа қатысатын бос лауазымдардың негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен

шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;

- қазақ тілі мен әдебиеті пәніне белгеленген талаптарға сай еңбек ақысы- 220000 теңгеден бастап.

6. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Білім алушылармен жұмыс істей білуі, олармен дұрыс қарым- қатынас жасауы, жоғары деңгейде сапалы білім беруі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан талап етілетін құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін

құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен

алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты

тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға

қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының

нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175

/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы

анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №

21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе

қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән

бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-

модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе

педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе

CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A;

DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 баллнемесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT))

сертификаты - 60-65 балл;

11) техникалық және кәсіптікорта білімнен кейінгі білім беру

ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту

шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскентиісті мамандық

немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер

сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша

бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру)

ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: