Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің жабылу кеші
16
қыркүйек
2022
Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің жабылу кеші
Тіл –  ұлы қару. Тіл –  асыл құндылық. Тіл – керемет қатынас құралы.Тіл - халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр.Тіл мерекесіне орай №67 ЖББ мектебінде өткен онкүндіктің  әдеби-сазды жабылу кеші өтті.Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп  тіліміздің мәртебесін асқақтатты .Мектеп директоры Демеуова Бейбітгүл Нұрахметқызы оқушыларды марапаттап,  өнерлі шәкірттерге  шығармашылық  табыс тіледі. Өз тілімізді сүйе отырып, өзге тілге құрмет білдіру осы шарада айқын
«Тіл-ұлт қазынасы» атты танымдық-зияткерлік сайыс
16
қыркүйек
2022
«Тіл-ұлт қазынасы» атты танымдық-зияткерлік сайыс
Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – әр қазақ баласының бірден - бір міндеті болып табылады. Тілдер мерекесіне орай мектебімізде 16.09.2022 жылы күні «Тіл-ұлт қазынасы»атты танымдық-зияткерлік сайыс сабағы болып өтті. Сайысқа ат салысқан оқушыларды бақылай отырып, болашақ жастар тіліміздің абыройын асқақтататынын, биікке көтеретінін нық сеніммен айтқымыз келеді!
"Біліктілікті арттыру курстарының педагогтерге берері мол"  " тақырыбыда семинар өтті.
15
қыркүйек
2022
"Біліктілікті арттыру курстарының педагогтерге берері мол" "
Алмалы ауданы, №67 жалпы білім беретін мектепте ""Біліктілікті арттыру курстарының педагогтерге берері мол"  " тақырыбыда семинар өтті. Математика пән мұғалімі Маңғыбаева Жансая ҚМЖ жазудың заманауи талаптарымен, qalan.kz сайтын математика сабақтарында қолдану тәсілдерімен таныстырса ,Лесбаева Мөлдір мұғалім мен оқушының құзыреттілігі туралы айтып өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Базгаламова Аяужан инклюзивті оқытудың талаптары туралы жан -жақты мәлімет берді. Осы әріптестерімізге алғыс білдіре