Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9- ақпан ақынның туған күніне орай мектебімізде ақиық ақынның 90 жылдығына арналған онкүндік іс-шаралар жоспары құрылып, «Бір өлеңі- бір елдің мұрасындай...» атты қашықтықтан онкүндігіміздің ашылу салтанаты басталып кетті
09
ақпан
2021

9- ақпан ақынның туған күніне орай мектебімізде ақиық ақынның 90 жылдығына арналған онкүндік іс-шаралар жоспары құрылып, «Бір өлеңі- бір елдің мұрасындай...» атты қашықтықтан онкүндігіміздің ашылу салтанаты басталып кетті

Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте... Бүгінде «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып» өзіне қайтарған отты жырларымен, ойлы, өрнекті өлеңдерімен халқының қадір-қасиетін айта алған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев есімі мәңгілік ғұмырға айналғаны шындық. Десек те, ақын мұрасын ұрпақтан - ұрпаққа кеңінен насихаттап отыру – борышымыз. Осы орайда 9- ақпан ақынның туған күніне орай мектебімізде ақиық ақынның 90 жылдығына арналған онкүндік іс-шаралар жоспары құрылып, «Бір өлеңі- бір елдің мұрасындай...» атты қашықтықтан онкүндігіміздің ашылу салтанаты басталып кетті. Мұқағали Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген. Осындай тамаша тақырыптарды қамтыған ақын өлеңдерін мектебіміздің шәкірттері жатқа мәнерлеп оқып, тыңдаушыларды тамсандырды. Мұқағали Мақатаев- қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті. Ұлы ақынның поэзиясына тағы да үңілу барысында әрбір қазақ баласының, жасы да, кәрісі де Мұқағали Мақатаевтың «жүректен кіріп бойды алатын» туындыларын жақсы көретіні, көбін жатқа білетіні, сол арқылы оны аса жоғары құрметтейтіні айқын аңғарылды. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына қашықтықтан қызығушылық танытып қатысқан ұстаздарымызға алғыс білдіреміз! Құрметпен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Айменбетова А #МұқағалиМақатаев #67школаалматы #алмалыауданы67мектеп

 
https://www.facebook.com/100041743242748/videos/pcb.510834193651351/510833653651405​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: