Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың асханада өзін-өзі ұстау ережелері.
01
қыркүйек
2022

Оқушылардың асханада өзін-өзі ұстау ережелері.

Оқушылардың асханада өзін-өзі ұстау ережелері

Оқушыларға ақпарат

Асханада әрқашан балалар да, үлкендер де көп болады, себебі бәріне 10-15 минут ішінде тамақтанып алуға үлгеру қажет. Сол себепті мұнда белгілі бір ережелерді сақтап жүрген абзал:

  • Асханаға асықпай барған дұрыс, сыныппен бірге тағайындалған уақытта барыңыз.
  • Үстел басында орын аламын деп асханаға жүгіріп кірудің және соның кесірінен басқа оқушыларды итермелеудің қажеті жоқ.
  • Кезекке тұруды әдетке айналдырыңыз.
  • Асханада жүрген кезде құлап қалмас үшін аяқ астына қарап жүріңіз.
  • Үстел басына отырмас бұрын қолды жууды ұмытпаңыз.
  • Өзіңізді не біреуді жарақаттап алмас үшін шанышқыны пайдаланған кезде сақ болыңыз.
  • Ыстық сорпа не шайды өзіңізге не болмаса көршіңіздің үстіне төгіп алмаңыз.
  • Үстел басында тік отырыңыз, аяқты айқастырып отырмаңыз, көршіңізді итермеңіз және шынтақты үстел үстіне қоймай отырыңыз.
  • Тамақ ішу барысында тыныштық сақтаңыз; қатты сөйлемеңіз және тамақты тамсанып, шылпылдатып жемеңіз, ыстық асты үрлемеңіз, шанышқымен не болмаса қасықпен кесені не тарелкені тықылдатпаңыз.
  • Ас үй құралдарымен дұрыс пайдаланыңыз: қасық пен шанышқыны орынды қолданыңыз.
  • Былғанып қалсаңыз, қағаз майлықты не қолорамалды қолданыңыз.
  • Жерге бір нәрсе құлатып алған жағдайда тазалық сақтаңыз: дереу көтеріп, қоқыс жәшігіне тастаңыз.
  • Мектеп аспаздарының сіз үшін дайындаған тағамы жөнінде жаман сөз айтпаңыз, егер тағам дәмсіз көрінсе, пікір білдірудің қажеті жоқ.
  • Тамақ ішіп болған соң ыдысты жинауды ұмытпаңыз.
  • Әдепті болғаныңыз жөн: сыныптастарыңызға «Ас болсын!» айтуды ұмытпаңыз және асхана қызметкерлеріне алғыс білдіріңіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: