08
қыркүйек
2022
"Страна, соединившая народы" тақырыбында викториналық сайыс сабағы ұйымдастырылды
Алматы қаласы, Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте тілдер онкүндігінің мектепшілік жоспарына сәйкес 08.09.2022ж. күні "Страна, соединившая народы" тақырыбында викториналық сайыс сабағы ұйымдастырылды. Балалардың атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақ халқының салт- дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтіп, сөйлеу шеберлігін, ойлау қабілеттерін, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын, танымдық қасиеттерін дамытуға өз үлестерін қосты. Викториналық сайыс сабақта екі топ та белсенділік танытып, «Достық» тобы жеңіске жетті. Викториналық сайыс сабақ өткізген ұстаздарымызға алғыс айтамыз.