Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"2020-2021 оқу жылының қорытындысы: Жетістіктер мен міндеттер"
27
мамыр
2021
"2020-2021 оқу жылының қорытындысы: Жетістіктер мен міндеттер"
Алмалы ауданы 67 жалпы білім беретін мектепте "2020-2021 оқу жылының қорытындысы: Жетістіктер мен міндеттер" тақырыбында пән бірлестіктерінің жылдық қорытынды отырысы өтті.  Күн тәртібінде оқу жылындағы мұғалімдердің  шығармашылық жұмыстары қорытындыланды.  Қорытынды негізінде жаңа оқу жылына ұсыныстар жасалып, міндеттер белгіленді.  Отырыстан әрбір ұстаздың өзіне түйін жасап, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде шығармашылық жұмыстардың да маңызды екендігіне көз жеткізді.  Ұжым мүшелеріне жаңа
"Сыңғырла соңғы қоңырау"
25
мамыр
2021
"Сыңғырла соңғы қоңырау"
Пандемия кезінде қашықтан оқу форматына байланысты Алмалы ауданы №67 ЖББМ 2020-2021 оқу жылының 25-мамыр "Сыңғырла соңғы қоңырау"  атты соңғы қоңырау салтанаты 1-11 сыныптар үшін онлайн форматта ұйымдастырылды. 1 сынып бүлдіршіндері 11 сынып түлектеріне арнауларын оқып, 11 сынып түлектері оқушыларға, ұстаздарына арналған ыстық ықласты тілектерімен лебіздерін арнады. Салтанатты жиын өте әсерлі өтті.
Педагогикалық консилиум
22
мамыр
2021
Педагогикалық консилиум
Бүгін 22 мамыр күні барлық мектептерде жалпыреспубликалық  ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.  Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектебінде  де ата-аналармен мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері  онлайн кездесіп жиналыс өткізді. Жиналысты мектеп директоры Бейбітгүл Нұрахметқызы   ата- аналарды, ұстаздарды ашық сұхбат алаңында ашық, шынайы пікірлесуге шақырды. Күн тәртібі  2 кезеңнен  тұрды. Бірінші бөлім ата- анага қашықтықтан оқыту кезіндегі окушылардың жетістіктері
15 мамыр -  халықаралық отбасы күні
17
мамыр
2021
15 мамыр - халықаралық отбасы күні
    Алмалы ауданы, №67 жалпы білім беретін мектепте 15 мамыр -  халықаралық отбасы күніне орай,  өзін-өзі тану пәні бойынша  "Отбасылық құндылықтар", "Отбасы мүшелерінің татулығы" атты   қызықты сабақтар өткізілді. Сабақта видеороликтер көрсетіліп, отбасындағы  сыйластық, адамгершілік, "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" көрсету туралы түсіндірілді.  Сабақ барысында 3-7 сынып оқушылары  белсене қатысып, өз отбасылары туралы ойларымен бөлісіп, салған суреттерін ортаға көрсетті. "  Балапан ұяда не
"Ерлік ешқашан ұмытылмайды"
04
мамыр
2021
"Ерлік ешқашан ұмытылмайды"
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін  мектепте  9 мамыр Жеңіс күніне орай "Ерлік ешқашан ұмытылмайды"тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті. Сынып сағатында Ұлы Жеңіс туралы видеороликтер көрсетіліп, мазмұнды мәліметтер  берілді. Оқушылар салған суреттерін көрсетіп, алда келе  жатқан мерекемен ардагер ата, әжелерін  құттықтады.  Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!
Біз болашаққа жауаптымыз атты экологиялық жалпыреспубликалық апталық аясында өткізілген сынып сағаттары
28
сәуір
2021
Біз болашаққа жауаптымыз атты экологиялық жалпыреспубликалық апталық
67 жалпы білім беретін мектепте  6 а сыныбында " Жер туралы не білеміз" тақырыбында сынып сағатты өтті. Сынып жетекшісі Джумадилова Гулназ.  Сонымен қатар Қанатқызы Назеркенің жетекшілігімен 5 а сыныпта "Біз болашаққа жауаптымыз" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.  #алмалыаудандықбілімбөлімі #алмалыаудандықбілімбөлімі67мектеп
"Чернобыль 20 ғасыр дерті" сынып сағаты
28
сәуір
2021
"Чернобыль 20 ғасыр дерті" сынып сағаты
Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің  5 ә сыныбында "Чернобыль 20 ғасыр дерті " тақырыбында сынып сағаты өтті.  Сынып сағатында оқушыларға апаттың салдары туралы таныстырылым жасалып, оқушылар Чернобыль апатының салдары мен зиянын бағалап, талқылау жүргізді. Сынып  жетекшісі Абишева Айнур #алмалыаудандықбілімбөлімі#алмалыауданы67 мектеп#67мектеп
Чернобыль ХХ ғасырдың қасіреті
27
сәуір
2021
Чернобыль ХХ ғасырдың қасіреті
#67 жалпы білім беретін мектептің 5-11сыныптар аралығында "Чернобыль ХХ ғасырдың қасіреті" тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатта оқушылар Чернобыль апатының азамзатқа әкелген қайғы-қасіреті мен шығындарын бағалап, талдау жұмыстарын жүргізді.
Іс-тәжірибе тарату
26
сәуір
2021
Іс-тәжірибе тарату
          Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің ұжымында  үлкен қуаныш. ⠀ Әріптестеріміз Елеубаева Перизат пен Қусайнова Алуаның "Бастауыш сыныптарда күнделік.kz. жүйесін тиімді пайдалану жолдары" және  " Заманауи балалардың әдебиеттік оқу сабақтарындағы айтылым дағдысын дамыту жолдары" атты оқу- әдістемелік құралдары жарық көрді. ⠀ Бұл үлкен шығармашылық еңбек. Ұстаздарға болашақта шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін деп тілек айтамыз. Мектеп ұжымы.
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ
15
сәуір
2021
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ
«Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деген орыс жазушысы Л.Толстой. Бұл сөздің жаны бар.  Кітап – құндылық. Ол адамды көбірек ойға жетелейді. Албырт сезімімізді тежеуге, ішкі ойлау күшімізді арттыруға себеп болады. Кітап – дос, жұбатушы әрі басшылық қабілетті арттыратын құрал екені сөзсіз. Осы орайда Алматы қаласы, Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте "Оқуға құштар мектеп" жобасының жұмысы жоспарланды. Бұл жоспардан бастауыш сыныптар да шет қалмады. 1-4 сыныптар