«Бір мұғалім - бір кітап» тақырыбы бойынша семинар
✓67 жалпы білім беретін мектеп кітапханашысы Оспанова Әлия «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мұғалімдер арасында «Бір мұғалім - бір кітап» тақырыбы бойынша семинар өткізді. Мақсаты - әр бірлестік мүшелері оқушының болашағына қажет кітапты оқытуға ұйымшылдықпен кірісу, әдеби кітаптарға оқушылардың қызығушылығын арттыру. Семинарда мұғалімдердің ой-өрістерін байқау мақсатында викториналық сұрақтар қойылып, өте қызықты да көңілді өтті.