Школьникам » Страница 8 » КГУ «Общеобразовательная школа №67»
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №67»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Бухгалтерия
+7(727) 3929409
Версия для
слабовидящих
Республикалық "Мақатаев оқулары" конкурсы
30
ноябрь
2022
Республикалық "Мақатаев оқулары" конкурсы
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің 2 "А" сынып оқушысы Нүсіпқожа Нұрәли Республикалық "Мақатаев оқулары" конкурсына қатысып 1 орынға ие болды. Нұрәлиге шығармашылық табыс тілейміз.
“Ғажайып математика” тақырыбында интеллектуалдық сайыс
29
ноябрь
2022
“Ғажайып математика” тақырыбында интеллектуалдық сайыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте өтіп жатқан апталық аясында оқушылардың білім сапасын арттыру, алған білімдерін кеңейту, тереңдету мақсатында математика пәнінен 6-сыныптар арасында “Ғажайып математика” тақырыбында интеллектуалдық сайысы болды. Сайыс өте тартысты әрі бәсекеге толы болды. Пәнге деген қызығушылық, ынталандыру мақсатында берілген тапсырмалар өте тиімді әрі қызықты болды. Пән мұғалімі Уринбоева Перизатқа және оқушыларына шығармашылық табыс тілейміз.
"Химиктер қатарына қабылдау" тақырыбында интеллектуалдық сайыс
25
ноябрь
2022
"Химиктер қатарына қабылдау" тақырыбында интеллектуалдық сайыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте ғылыми жаратылыстану пәндері апталығы аясында химия пәнінен "Химиктер қатарына қабылдау" тақырыбында интеллектуалдық сайыс болып өтті. Бірнеше кезеңнен тұратын шара оқушылардың химия пәнінен білімдерін кеңейту,пәнге қызығушылығын арттыру бағытында  өте тиімді болды. Әріптесіміз химия пәні мұғалімі Алимбекова Бағилаға  және шәкірттеріне білім шыңына биіктей беріңіздер деп тілек білдіреміз!
“Білімділер бәйгесі” атты сайыс
22
ноябрь
2022
“Білімділер бәйгесі” атты сайыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектебімізде 22.11.2022 ж күні 6-сыныптар арасында “Білімділер бәйгесі” атты сайыс болып өтті. Сайыс қызықты әрі тартысты болды. Сайыс барысында оқушылар өздерінің жүйріктіктерін көрсетті. Сайыстың нәтижесі бойынша 1-орынды 6 б сыныбы, 2-орынды 6 ә сыныбы иеленді. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз. https://www.instagram.com/reel/ClqRQ_TosHZ/?igshid=NDk5N2NlZjQ=
Республикалық "Балалар оқулары" байқауы
03
ноябрь
2022
Республикалық "Балалар оқулары" байқауы
Астана  қаласында  өткен "Балалар оқулары" байқауының республикалық кезеңінен  Алматы  қаласы  Алмалы  ауданы  #67 жалпы білім  беретін мектептің 4а-ынып оқушысы Тынбаева Еркежан 2-орынды иеленді. Талабың  таудай болсын, Еркежан!  Жеңісің құтты  болсын!  Дайындаған  мұғалімі  Тұрсынғалиқызы Мөлдірге  шығармашылық  табыс  тілейміз! https://web.whatsapp.com/
Әбдірасіл Дархан таеквондодан  1- орынды иеленді.
27
октябрь
2022
Әбдірасіл Дархан таеквондодан 1- орынды иеленді.
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің  5ә - сынып  оқушысы Әбдірасіл Дархан таеквондодан  Қостанай  қаласында  өткен Республикалық ашық турнирге  қатысып 1- орынды иеленді. Спортты  серік етіп,  қызығушылықпен жеңіске  жетіп жүрген Дарханға  сәттілік  тілейміз!  Жеңісің құтты болсын, Дархан!
5-6 сыныптарда  арасын мектепішілік "Алтын сақа" олимпиадасы
26
октябрь
2022
5-6 сыныптарда арасын мектепішілік "Алтын сақа" олимпиадасы
Алматы  қаласы  Алмалы  ауданы 67 жалпы білім беретін мектепте 26 октябрь күні 5-6 сыныптарда  мектепішілік "Алтын сақа" математикалық олимпиадасы болып өтті. Оған математика пәні мұғалімдері Уринбоева Перизат пен Маңғыбаева Жансаяның сыныптарынан 30 оқушы қатысты.  Солардың  арасынан  жоғары  ұпай  жинаған  4  оқушы  қалалық "Алтын  сақа"  сайысына  жолдама  алды.   Осы  шәкірттерімізге және ұстаздарға  жеңісті күндеріңіз көп болсын деп тілек білдіреміз!
Бокстан Республикалық ашық турнир
17
октябрь
2022
Бокстан Республикалық ашық турнир
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектептің бокс үйірмесінің  оқушылары  бокстан Республикалық ашық турнирге  қатысып, жеңспен оралды. 1,2,3 орын  алып, чемпион атанды. Ал командалық жарыста  3 орынға ие болды.  Жетекшісі Шадияр  ағайға  алғыс  айта  отырып,  бокспен  шұғылданып жүрген  оқушыларымызға сәттілік  тілейміз!