Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бүгіннен бастап мектебімізде “Бастауыш сынып “ апталығы басталды!
24
қараша
2025
Бүгіннен бастап мектебімізде “Бастауыш сынып “ апталығы басталды!
🔘Бүгіннен бастап мектебімізде “Бастауыш сынып “ апталығы басталды! Апталық аясында оқушыларымыздың білімін, шығармашылығын, өнерін танытатын түрлі танымдық, қызықты іс-шаралар өтеді. Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз! Балаларымызға қолдау көрсетіп, шығармашылығын бірге тамашалайық! ​https://www.instagram.com/p/DReYQMaiNPS/?hl=ru​​​ 
19 қараша күні Атакент орталығында, «білім және мансап» Халықаралық көрмесі өтті
21
қараша
2025
19 қараша күні Атакент орталығында, «білім және мансап» Халықаралық
19 қараша күні Атакент орталығында, «білім және мансап» Халықаралық көрмесі өтті. Көрмеге 9-11 сынып окушылары қатысты. Көрмеде оқушылар шетелге оқуға түсудің мүмкіндіктерімен танысты. Және де Қазақстанның озық университеттерінің өкілдеріне тікелей сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Сондай -ақ бітіруші түлектер, Ұлттық Біріңғай тестілеу орталығының дайындық тестін тапсырып көруге мүмкіндік алды. https://www.instagram.com/p/DRPLJAkiJHW/?hl=ru&img_index=1
🍁 *Күзгі бал – 2025* 🍁
14
қараша
2025
🍁 *Күзгі бал – 2025* 🍁
🍁 *Күзгі бал – 2025* 🍁 Бүгін мектебімізде көңілді, көркем, әсерлі сәттерге толы «Күзгі бал» өтті! Оқушыларымыз күзгі сән, өнер мен шығармашылықты біріктіре отырып, керемет көңіл-күй сыйлады. Әр жұптың дайындығы, сахнадағы мәдениеті мен өнері тәнті етті. Қатысушыларға алғыс білдіреміз! 💐 https://www.instagram.com/p/DRJYRlqCGZD/?hl=ru
Құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша дәріс
11
қараша
2025
Құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша дәріс
67жалпы білім беретін мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Найзабекова Жаухар Сабитова және Алмалы ауданының ПБ ЮПБ -ның полиция аға лейтенанты Зауырбеков Азамат Мәлікұлы және Алмалы ауданы жедел уәкіл полиция капитаны Күмісбек Ғазиз 7-11сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша дәріс оқыды. ​https://www.instagram.com/p/DQ6CMRHCMsY/?hl=ru&img_index=1​​​ 
Алматы қаласындағы Республикалық Физика-математика мектебінде «International Fizmat Education Fair 2025» халықаралық білім көрмесі өтті.
07
қараша
2025
Алматы қаласындағы Республикалық Физика-математика мектебінде
7 қараша күні Алматы қаласындағы Республикалық Физика-математика мектебінде «International Fizmat Education Fair 2025» халықаралық білім көрмесі өтті. Бұл іс-шараның маңыздылығы өте жоғары. Көрме кәсіби бағдар беру үшін маңызды алаң. Көрмеде оқушылар әлемнің үздік университеттерінің және Қазақстанның жетекші университеттерінің ресми өкілдеріне тікелей сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. https://www.instagram.com/p/DQ1lx-yCKpW/?hl=ru&img_index=1
Мектеп психологы Омарбекова Л.Д 7-10 сыныптар арасында “Психикалық денсаулығымызды сақтайық!” атты тақырыпта тренингтер ұйымдастырды
03
қараша
2025
Мектеп психологы Омарбекова Л.Д 7-10 сыныптар арасында “Психикалық
Мектеп психологы Омарбекова Л.Д 7-10 сыныптар арасында “Психикалық денсаулығымызды сақтайық!” атты тақырыпта тренингтер ұйымдастырылып, оқушыларға қиын өмірлік жағдайға тап болғанда жедел психологиялық көмек алу мүмкіндіктері бар екені туралы айтылды. Психологиялық көмек алу бірыңғай байланыс орталығы – 111 және КММ «Психологиялық қолдау орталығының» сенім 87 775 142 8909 телефонына хабарласа алатыны туралы ақпарат берілді. ​https://www.instagram.com/p/DQq5mFjCBy7/?hl=ru&img_index=1​​​
*Күзгі демалыс қызықты өтті!*
31
қазан
2025
*Күзгі демалыс қызықты өтті!*
*Күзгі демалыс қызықты өтті!* Оқушылар демалыс күндерін тиімді пайдаланып, музейге барып тарихи мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, киноға барып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын сәттерді бірге өткізді. Осындай шаралар – балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, ұжымдық байланыстарын нығайтады. ​https://www.instagram.com/p/DQdhUjKCMnO/?hl=ru&img_index=1​​​