Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Үлгілі сабақтар марафоны" жалғасын табуда...
20
ақпан
2020
"Үлгілі сабақтар марафоны" жалғасын табуда...
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте өтіп жатқан "Үлгілі сабақтар марафоны" жалғасын табуда. Математика пәні мұғалімі Уринбоева Перизат сабағына АКТ және цифрлық ресурстарды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға бағыттады. Сондай- ақ логикалық есептер беру арқылы шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйретті. Өткізген ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!
"Инклюзивті білім беру-өмір қажеттілігі" атты мұғалімдер арасында тренинг сабақ өтті.
19
ақпан
2020
"Инклюзивті білім беру-өмір қажеттілігі" атты мұғалімдер арасында
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте 19 ақпан күні "Инклюзивті білім беру-өмір қажеттілігі" атты мұғалімдер арасында тренинг сабақ өтті. Мектеп ұстаздары тренингке белсене қатысты. Сабақ барысында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер: артикуляциялық, тыныс алу, ұсақ моторикаға арналған жаттығулар жасалынды. Қатысқан мұғалімдер жақсы әсер алып өз ойларымен бөлісті.
"Үлгілі сабақтар марафоны"
19
ақпан
2020
"Үлгілі сабақтар марафоны"
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 19.02.2020 күні "Үлгілі сабақтар марафоны" шеруін тарих пәні мұғалімі Абишева Айнұр мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегалиева Құралай жалғастырды. Ұстаздар сабақта жаңашыл әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алды. Сондай-ақ оқушының танымдық белсенділігін, логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, білім сапасын жақсартуға бағыттады. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындады. Сабақта
Мектепішілік ашық есік апталығы басталды
18
ақпан
2020
Мектепішілік ашық есік апталығы басталды
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте 18.02.2020 күні Мектепішілік ашық есік апталығы басталды. Онда "Үлгілі сабақтар марафоны" шеруін бастауыш сынып мұғалімі Елеубаева Перийзат пен география пәні мұғалімі Джумадилова Гульназ бастап, жаңа әдіс, тәсілдермен ерекше мазмұнды сабақтар көрсетті. Сабақтарында цифрлық ресурстарды (Bilimland.kz, ITest.kz, IMektep.kz) пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілеті мен іскерлік деңгейін арттырды. Ұстаздар үлкен шығармашылықпен,
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахмединова Ленаның ұйымдастыруымен ыкшамсабақ өткізілді.
17
ақпан
2020
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахмединова Ленаның
Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін не істейміз? Қандай жұмыстар жүргіземіз? деп, Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары әр түрлі әрекетке көшті. Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өз сабақтарының ең ұтымды тұстарынан елеп-екшеп оқу мақсаттарын жүзеге асыру әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахмединова Ленаның ұйымдастыруымен ыкшамсабақ өткізілді. Ықшамсабақта әріптестеріне оқушы бейнесінде тапсырма беріп, талдап бір сабақтың әр
“Ғажайыптар алаңы” ойыны
13
ақпан
2020
“Ғажайыптар алаңы” ойыны
“Ғажайыптар алаңы” ойыны, яғни сыныптан тыс шара ғұлама, ғалым, Шығыстың екінші Аристотелі Әбу Нәсір әл-Фарабидің математика ғылымына қосқан еңбектеріне арналды. Анығырақ айтсақ ІХ-Х ғасырда өмір сүрген шығыстың ғалымының математика ғылымына жазған еңбектерін Еуропада XV-XVI ғасырда пайдаланды. Себебі математика туралы жазған еңбектері Еуропа мемлекеттері архивтерінен табылып 1950-1960 жылдары зерттеліп, баспа беттерінде жарық көрді. Бүгінгі шараның мақсаты қазақтың ғұламасын, кемеңгерін,
"Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттар" атты дөңгелек үстел
12
ақпан
2020
"Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттар" атты
12 ақпанда Əл-Фарабидің 1150 жылдығына орай 9 "А" сыныбында ұлы ғалымның "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттар" еңбегі негізінде дөңгелек столды тарих пəнінің мұғалімі Тарақов Хамит өткізді. Оқушылар еңбекті талқылады, өлеңдерін мəнерлеп оқыды, күй тартты. Ұлы даланың кемеңгер тұлғасының өмірі мен шығармашылығына оқушылардың қызығушылықтары артты. Алғысымыз шексіз!
"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігі
07
ақпан
2020
"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігі
"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігі аясында  "Айнара.kz" республикалық танымдық балалар мен жасөспірімдерге арналған журналы ұйымдастырған "Жүректен жүрекке"  эссе жазу байкауына Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектептің  оқушылары қатысып, жеңімпаз атанды. Журнал редакторы Дінислам Айнара  қамқорлық акциясында  оқушыларды марапаттап, өз құттықтауын білдірді. Мектеп әкімшілігі журнал ұжымына алғыстарын айтты.