Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жырлайды жүрек» атты шығармашылық жыр мүшәйрасы
16
ақпан
2022
“Жырлайды жүрек» атты шығармашылық жыр мүшәйрасы
Мұқағали ақынның туған күніне орай Алмалы ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан ұстаздарының арасында “Жырлайды жүрек» атты шығармашылық жыр мүшәйрасы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда болып өтті. Байқау қорытындысы бойынша №67 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Тарахов Хамит Сауатұлы жүлделі І орынға ие болды. Әріптесімізді биік жеңісімен құттықтай отырып шығармашылық табыстар тілейміз! Мектеп ұжымы. View this post on Instagram A post shared by Алпыс Жетінші Мектеп
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбы аясындағы онкүндіктің соңғы күнінде
11
ақпан
2022
«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбы аясындағы
Ақпанның 11-і күні #67 мектебімізде өткізіліп жатқан Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбы аясындағы онкүндіктің соңғы күнінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Кусаинова А, Тастекова Ж , Омарбекова Л, Орынбасар А бірыңғай өзін-өзі тану сабағын ашық шара ретінде пән мұғалімдерімен өткізді. Шараның тақырыбы «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» деп аталады. Міне осы тақырыпқа сай мұғалімдер өз ойларын ашық айтып, құндылықтар жайлы көзқарастарын білдірді. Абай атамыз
“Тәрбие тал бесіктен” атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел
08
ақпан
2022
“Тәрбие тал бесіктен” атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел
Ақпанның 8-інші жұлдызында #67 мектебімізде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Тәрбие тал бесіктен” атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде ұлтымыздың болашағы болатын жас ұрпақтың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, ол-ел ертеңіне, егемендігімізге деген құрметіміздің белгісі және дүниетанымында, өзегінде өз елінің мүддесі жоғары тұратындай тәрбиелеу жауапты міндет екендігі айтылды. Баланың адам болып қалыптасуы отбасынан және мектеп тәрбиесінен
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдық мерекесі
13
желтоқсан
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдық мерекесі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдық мерекесіне орай Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектебінде "30 жылдыққа 30 марапат" ұйымдастырылған болатын. Оған"" Тұғыры биік Тәуелсіздік" такырыбында эссе жазу байкауы, "Тәуелсіздігіміз оқушы көзімен" тақырыбында сурет салу байкауы , мемлекеттік рәміздерді дұрыс айту мақсатында "Гимнді нақышына келтіре орындаушылар" байқауы, спорттық ойындардан эстафеталық жарыстар өткізіліп 15.12.2021 жылы қорытындыланды. Жеңімпаздар анықталды Сонымен
«Гимнді нақышына келтіре орындаушылар» атты 1-11 сыныптар арасында байқау
11
желтоқсан
2021
«Гимнді нақышына келтіре орындаушылар» атты 1-11 сыныптар арасында
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, Еліміздің тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында «Гимнді нақышына келтіре орындаушылар» атты 1-11 сыныптар арасында байқау өткізілді. Байқау нәтижелері: І орын 1 «А», ІІ орын 11 «Ә», ІІІ орын 3 «А» сыныптары марапатталды. Құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл «Тәуелсіз Қазақстан оқушы көзімен» атты 1-6 сыныптар арасында сурет және қолөнер көрмесі
08
желтоқсан
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл «Тәуелсіз Қазақстан
Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл «Тәуелсіз Қазақстан оқушы көзімен» атты 1-6 сыныптар арасында сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Сурет және қолөнер көрмесінде сурет номинациясы бойынша І орын 3 «А», ІІ орын 5 «Ә», ІІІ орын 6 «А» сыныптары марапатталды. Аталған сыныптарды жеңісімен құттықтаймыз! 
"Ұстаз—мектептің жүрегі" атты мерекелік іс-шара
02
қазан
2021
"Ұстаз—мектептің жүрегі" атты мерекелік іс-шара
№67 жалпы білім беретін мектепте 10 «А» сыныбының ұйымдастыруымен "Ұстаз—мектептің жүрегі" атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға қатысқан барлық ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Аяулы ұстаздар, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңызға және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Ұстаздар күні құтты болсын!
"Тіл-ұлттың жаны, халықтың үні"
11
қыркүйек
2021
"Тіл-ұлттың жаны, халықтың үні"
Тіл-достықтың алтын көпірі демекші, ұлтпен ұлтты, халықпен халықты байланыстыратын тіл. "Тіл-ұлттың жаны, халықтың үні"  деген тақырыппен #67 жалпы білім беретін мектепте  Тіл мерекесіне  орай апталық болып өтті.  Апталыққа  қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдері  оқушылармен  қызықты сабақтар, тренингтер өткізді.  Іс-шараның оқушыларға берері мол болды.  Мереке құтты болсын!
«Отбасы шабыт көзі» атты кітап көрмесі
10
қыркүйек
2021
«Отбасы шабыт көзі» атты кітап көрмесі
№ 67 ЖББМ кітапханасында «Отбасы шабыт көзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесіне отбасы туралы журналдар мен кітаптар қойылды. Отбасы құндылықтары мен ұрпақ арасындағы байланысты сақтау мақсатында ұйымдастырылған  көрмеге  даналық әліппесінен «Бесік жыры», сондай-ақ  Мұзафар Әлімбаев, Ділдә Матайқызы, Б.Момышұлы сынды  қазақ жазушыларының ұлағатты сөздері қойылды. Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. ”Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” дегендей жеке адамның бойындағы
Тіл – бабалар мұрасы» тақырыбында кітап көрмесі
03
қыркүйек
2021
Тіл – бабалар мұрасы» тақырыбында кітап көрмесі
№67 ЖББМ мектеп кітапханасы   2021 жылдың 5 қыркүйек күні тілдер күні мерекесі қарсаңында «Тіл – бабалар мұрасы» мемлекеттік тіл және өзге ұл өкілдерінің тілдерінің тарихы, дамуы туралы ақпарат беретін кең көлемді көрме ұйымдастырды.         Кітап көрмеге кітапхана қорындағы тілге байланысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметтер орын алды. Атап айтқанда: Қ. Жайлауғалиұлы «Туған тілім, дана тілім-ардағым»,