Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Есепші бөлімі:
+7(727) 3929409
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қош келдің, әз Наурыз атты сынып сағаты
14
наурыз
2023
Қош келдің, әз Наурыз атты сынып сағаты
№67 жалпы білім беретін мектепте 14.03.2023ж күні  Қош келдің, әз Наурыз атты 1-11 сыныптар ашық сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағатында мерекеге байланысты салт-дәстүрлер айтылды.
"1 наурыз - Алғыс айту ” күні
01
наурыз
2023
"1 наурыз - Алғыс айту ” күні
#67 жалпы білім беретін мектепте "1 наурыз - Алғыс айту ” атты мерекелік кеш болып өтті. Оқушыларымыз өз ата-аналарына, ұстаздарына, Отанға деген алғыстарын әсем әнмен жеткізді.  Алғыс айту күні құтты болсын! Әрқашан бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік!
1 наурыз - Дүниежүзілік Азамат қорғаныс күні
01
наурыз
2023
1 наурыз - Дүниежүзілік Азамат қорғаныс күні
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 1 наурыз - Дүниежүзілік Азамат қорғаныс күніне орай жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығуы болып өтті. Мектеп оқушылары мен мұғалімдер, қызметкерлердің барлығы жаттығуға қатысты. АҚ және ТЖ желісі бойынша оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізілді.
қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігі аясы
24
ақпан
2023
қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігі аясы
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі - тіл, бірі - ділі жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі  тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Осы орайда, №67 жалпы білім беретін мектепте 13-24 ақпан аралығында өткен «Тіл және тарих: ұлт рухының алтын қазынасы» атты тақырыпта қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігі аясында түрлі бағыттағы интеллектуалдық сайыстар, сыныптан тыс іс-шаралар, дебаттар, шығарма  жазу сайыстарына белсене қатысқан оқушылар мен
“Ғажайып математика” тақырыбында интеллектуалдық сайыс
29
желтоқсан
2022
“Ғажайып математика” тақырыбында интеллектуалдық сайыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте өтіп жатқан апталық аясында оқушылардың білім сапасын арттыру, алған білімдерін кеңейту, тереңдету мақсатында математика пәнінен 6-сыныптар арасында “Ғажайып математика” тақырыбында интеллектуалдық сайысы болды. Сайыс өте тартысты әрі бәсекеге толы болды. Пәнге деген қызығушылық, ынталандыру мақсатында берілген тапсырмалар өте тиімді әрі қызықты болды. Пән мұғалімі Уринбоева Перизатқа және оқушыларына шығармашылық табыс тілейміз
"Инфо Start" тақырыбында интеллектуалдық сайыс
24
қараша
2022
"Инфо Start" тақырыбында интеллектуалдық сайыс
Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектепте ғылыми жаратылыстану пәндері апталығы аясында информатика пәні мұғалімі Кажиакперова Аяужанның "Инфо Start" тақырыбында интеллектуалдық сайысы өтті. 5 сыныптарда өткен сайыс оқушылар үшін өте қызықты, тартымды болды. Әріптесіміз Аяужанға шығармашылық табыстар тілейміз!
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
23
қараша
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы  аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетіндігі белгілі болған. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу
“Білімділер бәйгесі” атты сайыс
22
қараша
2022
“Білімділер бәйгесі” атты сайыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы #67 жалпы білім беретін мектебімізде 22.11.2022 ж күні 6-сыныптар арасында “Білімділер бәйгесі” атты сайыс болып өтті. Сайыс қызықты әрі тартысты болды. Сайыс барысында оқушылар өздерінің жүйріктіктерін көрсетті. Сайыстың нәтижесі бойынша 1-орынды 6 б сыныбы, 2-орынды 6 ә сыныбы иеленді. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз. https://www.instagram.com/reel/ClqRQ_TosHZ/?igshid=NDk5N2NlZjQ=
“Абай күні” болып өтті.
22
қараша
2022
“Абай күні” болып өтті.
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 22.11.2022 жылы Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Абай күні” болып өтті. Мектебіміздің барлық қызметкерлері белсене ат салысып, оқушыларға үлгі көрсетті. https://www.instagram.com/reel/ClYJIIhos-F/?igshid=YmMyMTA2M2Y=  
5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі”
15
қараша
2022
5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі”
Мектебімізде 15.11.2022 ж күні 5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі” атты сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар қызығушылықпен белсенділік танытты. Олардың жауаптарына тәнті болдық. Сайыстың нәтижесінде 1-орынды 5 Б сыныбы, 2-орынды 5  Ә сыныбы иеленді. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.