Родителям » Страница 9 » КГУ «Общеобразовательная школа №67»
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №67»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2740282
Бухгалтерия
+7(727) 3929409
Версия для
слабовидящих
“Абай күні” болып өтті.
22
ноябрь
2022
“Абай күні” болып өтті.
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 22.11.2022 жылы Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Абай күні” болып өтті. Мектебіміздің барлық қызметкерлері белсене ат салысып, оқушыларға үлгі көрсетті. https://www.instagram.com/reel/ClYJIIhos-F/?igshid=YmMyMTA2M2Y=  
"Қоғамда тәртіпті кім сақтайды?" тақырыбында түсіндірме жұмыс
18
ноябрь
2022
"Қоғамда тәртіпті кім сақтайды?" тақырыбында түсіндірме жұмыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Найзабекова Жаухар Сабитқызы,  мектеп психологы Омарбекова Ләззат Диханбайқызы, мектеп инспекторы Жандарбековна Жолбарыс және 7.8.9 сыныптың сынып жетекшілері  бірлесе отырып "Қоғамда тәртіпті кім сақтайды?" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жұмыспен қамту орталығынан түсіндірме жұмыс
16
ноябрь
2022
Жұмыспен қамту орталығынан түсіндірме жұмыс
Алматы қаласы Алмалы ауданы № 67 жалпы білім беретін мектепте жұмыспен қамту орталығынан Жакупова Еркеш Садыққызы келіп 9,11 сынып оқушыларына  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі”
15
ноябрь
2022
5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі”
Мектебімізде 15.11.2022 ж күні 5 сыныптар арасында “Білімпаздар бәйгесі” атты сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар қызығушылықпен белсенділік танытты. Олардың жауаптарына тәнті болдық. Сайыстың нәтижесінде 1-орынды 5 Б сыныбы, 2-орынды 5  Ә сыныбы иеленді. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз. 
" Мен-КӨШБАСШЫМЫН"  қалалық слеті
11
ноябрь
2022
" Мен-КӨШБАСШЫМЫН" қалалық слеті
" Мен-КӨШБАСШЫМЫН" атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының қалалық слетінің аясында ұйымдастырылған білім алушылардың әлеуметтік жобаларының көрмесіне қатысып, 9а сынып оқушысы, мектеп президенті Құлшынбек Замира белсенді қатысушы сертификатымен марапатталды.
"Оқуға құштар мектеп" проект
09
ноябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" проект
#67 ЖББМ кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" проект бойынша ертегілер елінде саяхат сабақ ұйымдастырылды.  Мақсаты: оқушыларды ертегі оқуға баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. Ертегі халық-даналығының қайнар көзі болғандықтан ертегі оқуды әдетке айналдырған 3 "А" сынып оқушысы Асылбекқызы Айарудың оқыған  ертегісін  мазмұндауынан көрініс.  Айару, осындай көріністерді сомдау арқылы шығармашылығыңды шыңдап, өнеріңді үстем  етіп, биіктерден көріне бер!
Республикалық "Балалар оқулары" байқауы
03
ноябрь
2022
Республикалық "Балалар оқулары" байқауы
Астана  қаласында  өткен "Балалар оқулары" байқауының республикалық кезеңінен  Алматы  қаласы  Алмалы  ауданы  #67 жалпы білім  беретін мектептің 4а-ынып оқушысы Тынбаева Еркежан 2-орынды иеленді. Талабың  таудай болсын, Еркежан!  Жеңісің құтты  болсын!  Дайындаған  мұғалімі  Тұрсынғалиқызы Мөлдірге  шығармашылық  табыс  тілейміз! https://web.whatsapp.com/
Астана қаласында Республика күніне байланысты таэквондодан өткен жарыс
03
ноябрь
2022
Астана қаласында Республика күніне байланысты таэквондодан өткен жарыс
"67 жалпы білім беретін мектептің 2 "А" сынып оқушысы Ағабек Досжан  және  Сағадат Бақдәулет Астана қаласында Республика күніне байланысты таэквондодан өткен жарыстан 1- орынды иеленді. Спортқа деген қызығушылықтарың артып, биік белестерден көріне беріңдер!
8-10 сыныптар арасында "Алтын жапырақ төккен күз" атты мерекелік кеш
28
октябрь
2022
8-10 сыныптар арасында "Алтын жапырақ төккен күз" атты мерекелік кеш
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 8-10 сыныптар арасында "Алтын жапырақ төккен күз" атты мерекелік кеш өтті. Күзгі балға оқушылар белсене қатысып, байқау қызықты өтті. Байқаудың бас жүлдесін 8"а" сынып оқушылары жеңіп алды.   Оқушылар бар өнерлерін ортаға салды.  Ұйымдастырушылар: Мектеп парламенті.
2-4 сыныптар арасында "Алтын жапырақ төккен күз" атты іс шара
27
октябрь
2022
2-4 сыныптар арасында "Алтын жапырақ төккен күз" атты іс шара
Алматы қаласы Алмалы ауданы №67 жалпы білім беретін мектепте 2-4 сыныптар арасында "Алтын жапырақ төккен күз" атты мерекелік іс шара өтті. Аталған іс шаран ы 4"а" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Тұрсынғалиқызы Мөлдір ұйымдастырды. Әділ қазы алқалары қатысушыларды мақтау қағаздарымен марапаттап бағалы сыйлақтар берді. Барлық белсене қатысқан оқушылар мен ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз.